ҚТЖ туристерді жолаушылар пойыздарымен тасымалдайды

ҚТЖ туристерді жолаушылар пойыздарымен тасымалдайды

ҚТЖ туристерді жолаушылар пойыздарымен тасымалдайды
ашық дереккөзі
Алматы әуежайы арқылы елге орала алмайтын туристер Нұр-Сұлтан әуежайына қайта бағытталып,  Алматыға темір жол көлігімен жеткізіледі, деп хабарлады turkystan.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық вокзалдарға арнайы автобустармен туристер трансферін ұйымдастырды. Вокзалдардағы билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейді. Уәкілетті орган туристердің келуі туралы ақпаратты ұсынуына қарай Нұр-Сұлтаннан жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыратын болады. Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша және Қазақстанның барлық бағыттарына жүре алады. Барлық пойыздарға т/ж билеттері бар. Нұр-Сұлтаннан шығатын пойыздарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапшылығы жоқ. Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының «ҚТЖ билеттері» бөлімшесінен білуге болады.