Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасы жоғалып кетті

Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасы жоғалып кетті

Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасы жоғалып кетті
ашық дереккөзі
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің Instagram-дағы парақшасы жоғалып кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Себебін білу үшін анасы Света Айтбаевадан baq.kz сұхбат алып, Димаштың оқырмандары парақшасы неліктен жоғалып кеткеніне алаңдап отырғанын жеткізді. Света Айтбаева әншіміздің парақшасы қайда кеткенінің себебін айта алмайтынын айтты.
«Ол әркімнің жеке дүниесі ғой. Оған неге қызығушылық танытып отырғандарыңызды түсініп тұрған жоқпын. Неге жоғалғанының себебін айта алмаймыз», - деп Димаштың анасы қысқа ғана жауап берді.
Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде болған жағдайларға байланысты әнші Димаш Құдайбергенов әлеуметтік желі арқылы өз пікірін жазған болатын.