«Бегі еліне, елі бегіне сенген ел мәңгі жасайды» – Зулфухар Ғайыпов (ВИДЕО)

Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдар докторы Зулфухар Ғайыпов Қазақстандағы қазіргі ахуал жайлы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

«Қаңтар айының алғашқы күндері еліміз үшін келеңсіз оқиғалармен басталды. Дегенмен Президенттің уақтылы қабылдаған шараларына байланысты қазіргі жағдайда еліміз есін жинап, тұрақтылық орнап келе жатыр. Халқымызда «Ырыс алды – ынтымақ», «Бірлік түбі – береке»,  «Бегі еліне, елі бегіне сенген ел мәңгі жасайды» деген сөз бар. Сол себепті осынау қиын кезеңде халқымыз бір тудың астына жиналып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, Президенттің ұстанымы мен саясатын қолдауға шақырамын», – деді З. Ғайыпов.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button