Дариға Назарбаева коронавирус жұқтырды

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева коронавирус жұқтырды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Дариға Назарбаеваның көмекшісі Жанна Ермекова айтты.
«Депутат денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін растаймын, өйткені ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсетті. Ол Қазақстанда», – деді көмекшісі Жанна Ермекова.
Дариға Назарбаева науқастануына байланысты 5 қаңтарда өткен Мәжіліс отырысына да қатыспаған.