Қазақстанның төрт облысында қарулы топтар құрықталды

Қазақстанның төрт облысында қарулы топтар құрықталды

Қазақстанның төрт облысында қарулы топтар құрықталды
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің жедел штабы Қазақстанның төрт облысында қарулы адамдар тобы ұсталғанын мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz. Алматы облысы бойынша полиция қызметкерлері Ұлттық ұлан және арнайы жасақ әскери қызметшілері жүргізген жедел іс-шаралар барысында тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған 3 винтовкалы карабин, 11 «Макаров» тапаншасы, оқ қалташалары мен оқ-дәрілер, калибрі 5,45 миллиметр «АК-47» автоматы тәркіленген. Соталды тергеу басталды. Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін Mercedes-Benz автокөлігі тоқтатылған. Оның ішінен қала әкімдігіне шабуыл жасау кезінде шерушілер тартып алған резеңке таяқ пен дыбыс шығаратын граната табылды. Соталды тергеу басталды. Жамбыл облысында ер адам ұсталып, одан аңшылық дүкенінен ұрланған 5 мылтық, әртүрлі калибрлі 110 оқ-дәрі және 3 автомат, 1 тапанша тәркіленген. Соталды тергеу басталды. Таразда төтенше жағдай кезінде ер адамнан «АК-47» автоматы мен «ТОЗ-18» автоматы тәркіленді. Сондай-ақ, «Sulpak» дүкені жанындағы жәшіктен сақтандырғышы жоқ 4 электр сөндіргіш граната табылған. Соталды тергеу басталды. Қызылорда облысында ер адам ұсталып, одан полиция ғимараттарына басып кіру кезінде ұрланған «Форт-500» маркалы мылтық алынған. Соталды тергеу басталды.