«Омикрон» Еуропа мен Орталық Азияның 50 пайызын қамтуы мүмкін

«Омикрон» Еуропа мен Орталық Азияның 50 пайызын қамтуы мүмкін

«Омикрон» Еуропа мен Орталық Азияның 50 пайызын қамтуы мүмкін
ашық дереккөзі
Вашингтон университеті денсаулық көрсеткіштері мен бағалау институтының мамандары алдағы 1-1,5 айда Еуропа халқының 50 пайыздан  астамы «омикрон» штаммын жұқтыруы мүмкін деген болжам жасады, деп жазды turkystan.kz. «ДДСҰ» Еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге қазіргі уақытта Еуропа мен Орталық Азияның елінде «омикрон» анықталғанын мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда «омикрон» батыстан шығысқа қарай қозғалатын пандемияның жаңа толқынын тудырды. Ол бүкіл еуропалық аймақты басып озды. Сондықтан қырағылықты жоғалтпауға, алдын алу шараларын жандандыруға және денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеуге шақырамын», – деді Ханс Клуге.
Статистикалық дерекке сәйкес, әлем бойынша өткен тәулікте 3,28 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Оның 1,48 миллионы АҚШ-та тіркелген. Ал Израильде 37 887 жаңа жағдай анықталған.