Шымкентте бүлдіршінді құтқармақ болған жігіт оққа ұшқан

Шымкентте бүлдіршінді құтқармақ болған жігіт оққа ұшқан

Шымкентте бүлдіршінді құтқармақ болған жігіт оққа ұшқан
ашық дереккөзі
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде Астана медицина университетінің 5-курс студенті Әмір Сағындықов оққа ұшты. Үйінен дүкенге шыққан 21 жастағы жігіт ес-түссіз жатқан балаға көмектескен кезінде жарақаттанған, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда Әмір өз-өзіне келген. Жағдайы бір қалыпты, медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Бұл оқиғада ең қызық жері бар… Әмір жарақатты 5 қаңтар күні дүкенге нан алуға шыққанда алған. Дүкен жабық екенін көріп, қайтар жолда ес-түссіз жатқан балаға көмек сұрағандарға барады. Медицина мамандығының студенті болғандықтан көмек көрсетеді, балада пульс болмаған соң жүрекке қолмен массаж жасаған. Осы сәтте белгісіз адам оқ атып, аяғына тиеді. Әмірдің әкесі осы кезде келіп баланы ауруханаға жеткізді» дейді ол.
Осы сәтті пайдаланып Қазақстан студенттері Альянсының төрағасы жастарды үйден шықпауға шақырды.
«Құрметті студенттер, жастар! Біздің жанымыз ашып, үйде отырыңдар деген сөздер бос еместігіне тағы куә болып отырсыздар. Араңдатуға ермей, тәртіпсіздікке қатыспау керек. Әмір тәртіпсіздіктің құрбаны ғана емес, осы қиын-қыстау сәтте адамдарға көмек қолын созған азамат» деді студенттер Альянсының төрағасы.