Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін
ашық дереккөзі
Соңғы күндері ғаламторда ұлыбританиялық «Манчестер Юнайтед» клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жаңа маусымда кәсіби мансабында өзінің бітіспес қарсыласы болған Лионель Мессимен бір командада ойнауы мүмкін деген ақпарат тарауда, деп жазды turkystan.kz. Соңғы деректерге зер салсақ, Францияның «ПСЖ» футбол клубының басшылары Криштиану Роналду ағылшындық командадан кеткісі келген жағдайда оны өз қатарларына қосуға дайын. Осылайша, клуб жетекшілері командадан біржолата кетуге бел буған Килиан Мбаппенің орнын толықтырмақ. 36 жастағы Криштиану Роналдудың «Манчестер Юнайтед» футбол клубындағы қазіргі ахуалы мен команданың басшылығына көңілі толмауда. Футболшы бұл жағдай өзгермесе, ұжымнан кетуге әзір екенін өз агентіне хабарлап та қойған. Соған қарағанда ол жаңа командаға ауысуға ниетті секілді. Ал «ПСЖ» басшылығы болса, 5 дүркін «Алтын доп» иегері Криштиану Роналду мен 7 дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Мессиді бір командадан көруге құштар.