Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді

Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді

Жаңа министрлер адал қызмет етуге ант берді
ашық дереккөзі
Бүгін Үкімет үйінде жаңадан тағайындалған министрлер елімізге адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлады turkystan.kz Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Әділет министрі Қанат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Энергетика министрі Болат Ақшолақов мінберде салтанатты түрде ант берді. Өз кезегінде Үкімет басшысы Президенттің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасы ақпан айының басында дайын болатынын ескерді.
«Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына бірқатар ауқымды міндет қойды. Оның үстіне біз үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауымыз қажет. Ол ақпан айының басында өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралатын болады» деді Үкімет басшысы.