Шымкент құтқарушылары бегемоттың тісін кесіп тастады (ВИДЕО)

Шымкент құтқарушылары бегемоттың тісін кесіп тастады (ВИДЕО)

Шымкент құтқарушылары бегемоттың тісін кесіп тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қалалық хайуанаттар бағының әкімшілігі Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне хабарласып, бегемотқа көмек қажет екенін айтқан, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл жайында Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкіл Талғат Уәли фейсбукте жазды.

«Бегемоттың төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындай түскен.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравликалық кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гиппопотам ұзақ емдеу курсынан өтеді», деп жазды Талғат Уәли.
Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған. Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп, тұмсығына кіріп кеткен болатын.