15 Қараша 2016, 13:12 1403 0 Қоғам Ақниет ОСПАНБАЙ

АҚШ ғалымдары: Ауруханалар жабылуы мүмкін

Әлемде 2030 жылы ауруханалар жабылып, ал адамдар өзін өзі емдейтін болады.

АҚШ ғалымдары қызықты болжам жасады. Олар енді 15 жылдан соң ауруханалар жаппай жабылатындығын айтып отыр. Өйткені оның қажеттігі болмай қалады. Осылайша медицинадағы жаңалықтар мен нанотехнология өмірді өзгерткелі жатыр. Енді дәрігерлер науқастарды дерттен айықтыру емес, аурудың алдын алумен айналысады.
Мамандардың пікірінше науқастар диагностикалық процедуралар  алу үшін смартфондар мен басқа да гаджеттерге жүгінетін болады. Мамандармен кеңесу бейнебайланыс арқылы жүзеге асады. Науқас туралы барлық мәліметтер дәрігердің мибильді құрылғысында сақталады.
Бұл жағымды жаңалық барлық елдерде емес, дамыған елдерде таяу жылдарда нақты жүзеге асатыны анық.

Соңғы жаңалықтар