Блогер Ерболат Жанабылов полиция басқармасына жеткізілді

Блогер Ерболат Жанабылов полиция басқармасына жеткізілді

Блогер Ерболат Жанабылов полиция басқармасына жеткізілді
ашық дереккөзі
Блогер Ерболат Жанабыловқа Нұр-Сұлтан қаласында коменданттық сағатты бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Елордалық полиция қызметкерлері түнгі сағат 01:30-да Мәңгілік ел және Ұлы дала көшелерінің қиылысында кетіп бара жатқан автокөлікті тоқтатқан. Автокөлік салонында екі жолаушы болған. Мән-жайды анықтау барысында 26 жастағы жүргізушінің блогер екені анықталған, ол достарымен кездескеннен кейін үйлеріне кетіп бара жатқанын айтқан», - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Коменданттық сағатты бұзғаны үшін азаматтар «Есіл» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Олардың барлығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 10-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқықбұзушыларға 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті комендаттық сағат әлі жалғасатынын ескертеді. Жаяу да, автокөлікпен де жүріп-тұруға тыйым салынады. Тек елорданың тіршілік қарекетіне жұмылдырылған адамдардың ғана жүріп-тұруына рұқсат етіледі.