Роналду бағын бокста сынап көрмек

Роналду бағын бокста сынап көрмек

Роналду бағын бокста сынап көрмек
ашық дереккөзі
Бұдан былай 41 жастағы аралас жекпе-жек өнерінің шебері Роналду Жакаре Соуза жуырда бокста бағын сынауы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
 «Соңғы кездері жаттығуымды боксқа арнап жүрмін. Шынымды айтсам, бірден ұнады. Жуырда жақсы ұсыныстар түсіп жатса, бокс кешіне шығып қалуым мүмкін. Өзім джиу-джитсу спортымен шұғылдансам да, өздеріңіз байқаған болсаңыздар, айқастарымда мен бокс элементтерін жиі қолданатынмын», - дейді файтер sherdog.com-ға берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Соуза UFC 262 турнирінде өзінің отандасы Андре Мунизаға есе жіберген еді. Бұл бразилиялықтың аталмыш лигадағы қатарынан төртінші жеңілісі болды.