Жаңалықтар

«Дикий Арман» 2 айға қамауға алынды

ашық дереккөзі

«Дикий Арман» 2 айға қамауға алынды

Қылмыс әлемінде «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев 2 айға қамауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды. Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында «Дикий Арман» бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды.