Алматыдағы қақтығыста Жаңаөзен тұрғыны оққа ұшты

Алматыдағы қақтығыста Жаңаөзен тұрғыны оққа ұшты

Алматыдағы қақтығыста Жаңаөзен тұрғыны оққа ұшты
ашық дереккөзі
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Жаңаөзен қаласының тұрғыны Ислам Төребек қаза тапты. Ол – Алматы энергетика және байланыс университетінің 5-курс студенті, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап. Көз жұмған жігіттің анасы Құралай Балхаева қайғылы оқиға 6 қаңтарда болғанын айтқан.
«Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ислам үйінен шықпады. Ал 6 қаңтар күні интернет жоқ болды, ол атыс болып жатқанынан бейхабар еді. Сол күні азық-түлік алуға далаға шыққан. Оқ жауып, қаза тапты», – дейді Құралай Балхаева.
Ислам Төребек жергілікті №19 мектепті бітірген соң Алматы энергетика және байланыс университетіне оқуға түскен. Биыл наурыз айында 22 жасқа толғалы тұрған студент кандидаттық диссертациясына дайындалып жүрген екен. Анасының айтуынша, марқұм Ислам Төребектің денесі бүгін Алматыдан Маңғыстауға жеткізілуі тиіс. Жерлеу рәсімі 12 қаңтарда Жаңаөзен қаласында өткізілмек.