Кәрім Мәсімовтің қанша уақытқа ұсталғаны белгілі болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов екі айға қамауға алынды, деп жазды turkystan.kz.

«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы тергеу сотының хабарламасында.

Айта кетейік, 6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және басқа да лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button