«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды», – делінген Нұр-Сұлтан қаласы тергеу сотының хабарламасында.Айта кетейік, 6 қаңтарда ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов және басқа да лауазымды тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.