Жаңалықтар

Алматыда ұрланған қару-жарақты 18 жастағы жігіт жасырған

ашық дереккөзі

Алматыда ұрланған қару-жарақты 18 жастағы жігіт жасырған

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруларды Алматы облысының 18 жастағы азаматы жасырған, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қаласының комендатурасына сілтеме жасап. «Оны Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Жауап алу кезінде ер адам қару сататын дүкендерді тонауға қатысқанын мойындады. Оның ұрланған мылтықтарды карьерлердегі қоймада сақтағаны анықталды», – деп жазылған хабарламада. Күдікті бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазір оның қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатысын анықтау, сондай-ақ, заңсыз сақталған басқа да қару-жарақтарды тәркілеу бойынша жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.