Алматыда әскери көлікті басып алған азамат ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда әскери көлікті басып алған азамат ұсталды (ВИДЕО)

Алматыда әскери көлікті басып алған азамат ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери көлікті басып алған азамат ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаментінің мәліметінше, әскери көлікті басып алған азамат Павлодар облысы Екібастұз қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды. Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшамауданында ұстады.

«Одан қару-жарақ дүкенін тонау кезінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді. Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш адамнан анықтады. Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау арқылы олар «Аta-аrms», «Remington-700» және «Sauer-202» мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген. Күдіктілер қамауға алынды», - делінген хабарламада.