Тоқаев шет елге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді

Тоқаев шет елге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді

Тоқаев шет елге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берді
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев капиталды шет елге шығару қаупі жоғары екенін мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.
«Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шет елге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде, жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстардың барын тіркедік. Сондықтан Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент Мәжіліс отырысында.