Екі күннен кейін ҰҚШҰ әскері елден шығарыла бастайды
Екі күннен кейін ҰҚШҰ әскері елден шығарыла бастайды
Екі күннен кейін ҰҚШҰ әскері елден шығарыла бастайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жалпы, контртеррористік операцияның негізгі фазасы аяқталғанына тоқталған Президент, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді.
«Осыған байланысты ҰҚШҰ-ның негізгі миссиясы сәтті аяқталды деп мәлімдеймін. Екі күннен кейін ҰҚШҰ сарбаздары елдеріне қайтарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды», - деді Мемлекет басшысы.