Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан тағы бір қарулы топ ұсталды

Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан тағы бір қарулы топ ұсталды

Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан тағы бір қарулы топ ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысында полицейлер Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысы бар қарулы қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Түркістан облысының полицейлері бақылау-өткізу бекетінде тәртіпсіздікке қатысқан үш ер адамды ұстады.
«Алматы-Термез-Ташкент» тас жолы бойындағы «Ақтас» бекетінде Қазығұрт облыстық Полиция басқармасының қызметкерлері Тoyota көлігін ұстады. Оның ішінде Сарыағаш және Келес аудандарының 4 тұрғыны болған. Тексеру кезінде жедел уәкілдер көліктен тапанша тауып, оны тәркіледі. Факт ҚР ҚК-нің 287-бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») бойынша тіркелді», - делінген хабарламада.
Күдіктілер қазір қамауда, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.