15 Қараша 2016, 12:57 1678 0 Заң Ақниет ОСПАНБАЙ

Қазақстанда алты түрме жабылды

Қазақстанда алты колония жабылды, - деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жұйесі комитетінің баспасөз қызметі.

"Сотталушылар санының айтарлықтай кемуіне байланысты (соңы бес жылда 30 пайызға) ІІМ бастамасы бойынша ҚР үкіметінің қаулысымен жақында Қылмыстық-атқару жұйесі комитетінің алты мекемесі таратылды: екі мекеме Шығыс Қазақстан аймағында және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында бір-бірден", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

"Бұл мекемелер 50-60 жылдары барақ түрінде салынған мекемелер, оларды жөндеу жұмыстарына айтарлықтай қаржы жұмсау қажет және халықаралық стандартқа сай келмейді. Мәселен, ағымдағы жылдың маусым айында облыс орталығынан қашық Қарағанды облысы Қаражал қаласында орналасқан (Қарағандыдан 380 шақырым) Қылмыстық-атқару жұйесі комитетінің мекемесі таратылды", - деп хабарлайды комитет өкілдері.

Тэгтер түрме

Соңғы жаңалықтар