Терроризмге қарсы операцияның қазіргі нәтижесі жарияланды

Терроризмге қарсы операцияның қазіргі нәтижесі жарияланды

Терроризмге қарсы операцияның қазіргі нәтижесі жарияланды
ашық дереккөзі
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері терроризмге қарсы операцияның басталуымен дербес, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлескен топтардың құрамында қоғамға қарсы акцияларға қатысу күдігі бойынша 366 адамды ұстады. Олардың алтауы қарсылық көрсету кезінде жарақат алды, деп жазды turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Операция кезінде бүлікшілерден 30 қару тәркіленген. Атап айтқанда, 22 тегіс ұңғылы, 3 карабин, 5 тапанша, 245 оқ-дәрі, 2 суық қару, 8 радиостанция, 4 оқ-дәрі алынды.
«Ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон, сандық техника, халық тұтынатын тауарлар (15 қорап парфюмерия, 267 бөтелке спирттік ішімдіктер) және қомақты қаржы тәркіленді. Сондай-ақ, ұсталғандар жүріп өткен 29 автокөлік, митингтерді заңсыз ұйымдастыру тәртібі бойынша діни әдебиеттер мен құралдар алынды. Шекара қызметінің бөлімшелері тұрақты жауынгерлік әзірлікте болады, шекараны күзету күшейтілген режимде жүзеге асырылады», - деді ҰҚК баспасөз қызметі.