Алматыда қылмыскерлермен күрес қарқыны арта түсті

Алматыда қылмыскерлермен күрес қарқыны арта түсті

Алматыда қылмыскерлермен күрес қарқыны арта түсті
ашық дереккөзі
Алматы комендатурасы шаһардағы жағдайға қатысты мәліметтерді жаңартты, деп жазды turkystan.kz. Қаладағы комендатураның ақпарат орталығы келтірген деректерге зер салсақ, 10 қаңтардағы мәліметтен бөлек, көптеген аумақ қылмыскерлерден тазартылған екен. Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, «Өжет» шағынауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілген. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1237 адам ұсталған. Бұдан бөлек, 31 атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленіп, блокбекеттерде 38 адам ұсталған. «102» басқару пультіне барлығы 608 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253 дабыл түскен.