Алматыда атыс кезінде мерт болған жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған

Алматыда атыс кезінде мерт болған жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған

Алматыда атыс кезінде мерт болған жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған
ашық дереккөзі
Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді. Жеткіншек оқ дыбысын отшашумен шатастырған, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап.  Ағасының айтуынша, оқиға 5 қаңтарда 20:30-да болған. Бала дүкенге анасымен, әпкесімен және ағасымен бірге шыққан. Дүкен қызметкерлері азық-түлікті терезе арқылы берген.
«Біраз уақыттан кейін атыс басталды. Сұлтан (қайтыс болған інісі) бұл отшашу деп ойлады, оны телефонға түсірмек болып тұрғанда оқ желке тұсына тиді. Әуезов аудандық ПБ шатырынан оқ атты. Үлкендер көліктердің артына тығылды. Сұлтанға қарай жүгірмек болғанымда анам ұстап қалды. Ол жерде шамамен 15 минут жатты, өйткені атыс кезінде оның жанына ешкім бара алмады. Содан кейін біз оны алып кеттік, бірақ жүрегі тоқтап қалған екен», - деді ағасы.