Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі

Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі

Қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына пәтер беріледі
ашық дереккөзі
Жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан барлық полицейлер мен әскери қызметкерлердің отбасына пәтер беріледі. «Қазақстан құрылысшылар одағы» ірі құрылыс қоғамдық ұйымы халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезіне отырып, осындай шешім қабылдаған, деп жазды turkystan.kz.
«Одақ еліміздің әрбір азаматы үшін осындай ауыр кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын толық қолдайды. Қазақстанда қалыптасқан қиын жағдайды ескере отырып, отандық бизнес өкілдерін Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырамыз», - делінген одақ үндеуінде.
Президент бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» атты қоғамдық қор және Қазақстан құрылысшылар одағы бірлесіп, халықты террорлық шабуылдан қорғаймын деп жанын қиған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына пәтер кілтін тапсыратын болды. Бұл іске одақ атынан «Qazaq Stroy», «Exclusive Group», «Kusto Home», «Nest Stroy», «Saba Group KZ», «Sheber Group», «Tau Development», «Time Group Hayat Construction», «Диал Строй», «Атрикс Строй» құрылыс компаниялары үлес қоспақ. Бүгінде одақ өкілдері Алматыдағы зардап шеккен нысандарды тазарту және қалпына келтіру ісіне белсене атсалысып жатыр.