Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасалды

Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасалды

Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесіне шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
Төтенше жағдай кезінде тонаушылар ел бойынша Kaspi.kz-тің 20 бөлімшесін қиратқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды turkystan.kz.
«Полиция зақымданған ғимараттарда ешнәрсеге тиіспеуді сұрады. Кейін ол жерден саусақ іздері алынып, оқиға орны тексеріледі. Сондықтан бүлінген құрылғыларды әлі алған жоқпыз. Тергеу аяқталғаннан кейін бірден жөндеу жұмыстарын бастаймыз», - делінген банк хабарламасында.
Бұл ретте банк өкілдері қанша банкомат бүлінгенін нақты айта алмады. Қазақстан бойынша 1 990 банкомат бар болса, оның 1 435-інде байланыс бар.
«Жалпы 435 банкоматты адамдар қолданып, қолма-қол ақша ала алады. Қалған 555-і жабық ғиамарт ішінде, әлі ашылмаған бөлімшелерде тұрған банкоматтар. Сондықтан олар әзірше есепке алынбаған. Қазіргі мақсат – техникалық мүмкіндігі бар банкоматтарды ақшаға толтыру», - деді банк өкілі.
10 қаңтарда интернет желісі іске қосылған, инкассация жұмысына кедергі жоқ жекелеген қалаларда Kaspi.kz бөлімшелері ашылды. Барлығы 10 қалада 22 бөлімше жұмыс істеп тұр: Нұр-Сұлтан – 4, Көкшетау – 1, Петропавл – 2, Орал – 2, Құлсары – 2, Қостанай – 3, Қарағанды – 3, Жезказған – 2, Сәтбаев – 1, Атырау – 3. Ал Алматыдағы бөлімшелер жағдай тұрақталғанға дейін жабық болады.