Жаңалықтар

Елордалық сақшыларға 15 мыңдай адамға арналған ыстық тамақ жеткізілді

ашық дереккөзі

Елордалық сақшыларға 15 мыңдай адамға арналған ыстық тамақ жеткізілді

Тәртіп сақшылары үшін 15 мыңға жуық ыстық тамақты елордалық мәслихат депутаттары «Халық Сақшыларымен» бірлесіп дайындап, жеткізіп берді, деп хабарлады turkystan.kz. 4 күн ішінде елорданың айналасындағы бақылау-өткізу бекеттеріне, полиция бекеттеріне, сондай-ақ елордадағы стратегиялық нысандарды күзететін тәртіп сақшыларына 15 мыңға жуық ыстық тамақ жеткізілді. Бақылау бекеттері электр шәйнектерімен, антисептиктермен, бір рет қолданылатын маскалармен және т.б. Тамақты мәслихат депутаттары мен кәсіпорындардың, медициналық мекемелердің, сондай-ақ депутаттардың өздері жұмыс істейтін жоғары және орта оқу орындарының қызметкерлерінен құрылған барлығы 500-ден астам адам біріккен «Халық Сақшылары» жеткізіп берді. Мәслихат хатшысы Е.Каналимовтың айтуынша, ыстық тағам өнімдері технологиялық колледжде, ардагерлер ауруханасында, елордалық мектептерде, мейрамханаларда, емханалар мен ауруханаларда, басқа да мекемелерде пісірілуде. Бүгінгі таңда депутаттар мен еріктілер тәртіп сақшыларының тапсырысы бойынша жеке гигиеналық құралдарды (қырынатын заттар, дымқыл майлықтар, бір рет қолданылатын ыдыс-аяқтар, кофе, шай және т.б.) сатып алуды және жеткізуді бастады. Сондай-ақ, елорданың халық қалаулылары бекітілген тұрғын үй алаптарында да тәртіпті сақтауға жәрдемдесу ұйымдастырылғанын айтамыз.