Аблазимов кәсіпкерлерді қолдау қорына жарты млрд теңге аударды

Белгілі меценат, «ҚазАзот» АҚ басшысы Бахаридин Аблазимов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, қорға 500 миллион теңге аударды, деп хабарлады turkystan.kz «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

«Алматыда қираған, өртенген нысандардың көбі шағын кәсіпкерлерге тиесілі. Қанша заттар қирады, бүкіл Қазақстанда қирап жатыр. Оларға қолдау көрсететін қор ашылды деп естіп, өзімнің, ұмымымның атынан 500 миллион теңге қаржылай көмегімді білдіргім келіп отыр», – деді ол.

Қаржы кәсіпкерлік субъектілерін қалпына келтіру үшін құрылған «Күшіміз – бірлікте» қорына аударылады. Бұл – қорға түскен алғашқы қомақты қаржы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев «Күшіміз – бірлікте» қорын құратынын мәлімдеген болатын. Оған түскен қаражат Алматы қаласы және басқа да аймақта зардап шеккен кәсіпкерлерге арнайы комиссияның шешімінен кейін бөлінеді.

Қаржылай қолдау көрсетемін деген азаматтар Ұлттық палатаның сall-орталығына және Алматы қаласының өңірлік кеңесіне хабарласа алады: +7778 4101758; +7775 1261839.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button