Жамбыл облысы ПД бастығының мүрдесі табылды

Жамбыл облысы ПД бастығының мүрдесі табылды

Жамбыл облысы ПД бастығының мүрдесі табылды
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігі Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды растады, деп хабарлады turkystan.kz. Алайда қазаның себебі айтылмайды. Жанат Сүлейменов 1962 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр жылдары Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының Полиция департаменттерін басқарды. Жамбыл облысының полиция бастығы лауазымына 2020 жылдың ақпан айында тағайындалған. «Ерлігі үшін» медалімен және ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.