Алаяқтар жұртты Magnum-ның атынан алдауға көшті

Алаяқтар жұртты Magnum-ның атынан алдауға көшті

Алаяқтар жұртты Magnum-ның атынан алдауға көшті
ашық дереккөзі
Желіде алаяқтар Magnum компаниясының атынан азық-түлік жеткізу бойынша жалған ақпарат таратып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап. Хабарламада Magnum компаниясының телефон арқылы азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша тапсырыс қабылдайтыны, 6 мың теңгеден бастап жеткізу тегін екені, төлем аударым арқылы жасалатыны жазылған. Компания өкілі бұл хабарламаны жоққа шығарып, кез келген іс-әрекеттердің корпоративтік қосымшада орындалатынын атап өтті. алаяқтар