Содырлар сақалын қырып, киімдерін ауыстырып алған

Содырлар сақалын қырып, киімдерін ауыстырып алған

Содырлар сақалын қырып, киімдерін ауыстырып алған
ашық дереккөзі
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан содырлар жасырыну үшін сақалын қырып, киімін ауыстырып алғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Терроризмге қарсы операция аясында қылмыстарға қатысқан адамдар анықталып жатыр. Бүгінде полицияға 8 мыңнан астам адам жеткізілді. Құқық қорғау және арнайы органдар олардың терроризмге, адам өлтіру, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Жасырын шабуылдаушыларды анықтау мақсатында жоспар жасалып жатыр. Олар ерекше түрде жасырынады. Азаматтық киім киеді, сақалдарын қырады. Қарқынды жұмыс істеу қажет», - деді Мемлекет басшысы. Оның айтуынша, содырлар елдегі бейбіт шеруді тиімді пайдаланып кеткен.
«Алматыда саяси митингілер өтті. Содан соң қалаға үш бағыттан қарулы күштер басып кірді. Басында өздерін бейбіт демонстранттар секілді ұстап, тұрғындарды арандатты. Кейін тарихта «Алматы трагедиясы» деген атпен қалатын оқиға басталды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.