«Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған» - Путин

«Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған» - Путин

«Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған» - Путин
ашық дереккөзі
ҰҚШҰ отырысында ресей Президенті Владимир Путин Қазақстандағы жағдайға қатысты сөз сөйледі, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазақстандағы жағдай бәрімізді алаңдатады. Қазақстанда біз халықаралық лаңкестіктің агрессиясына куә болып отырмыз, содырлар ыстық нүктелерде дайындықтан өткен. Қазастандағы оқиғалар сыртқы араласудың бірінші және соңғы әрекеті емес», - деді Путин.
Сондай-ақ ол біздің елде Майдан технологиялары қолданылғанын мәлімдеді.
«Қазақстанда Майдан технологиялары қолданылған. Миссия аяқталғаннан кейін, әрине, ҰҚШҰ контингенті түгелдей елден шығарылады. Мен Қазақстанның бұл жағдайды жеңетініне сенімдімін», - деді Ресей Президенті.