Елімізде ертең Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады

Елімізде ертең Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады

Елімізде ертең Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады
ашық дереккөзі
11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын жариялайды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.
«Ертең Парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін», -  деді президент.
Еске сала кетсек, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберген болатын. Қазір Премьер-министрдің міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.