Жаңалықтар

«Еліміздегі ахуал тұрақтанды» – ҰҚК

ашық дереккөзі

«Еліміздегі ахуал тұрақтанды» – ҰҚК

10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды. «Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада. Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекетті айқындау және жинақтау жүзеге асырылып жатыр. ҰҚК барлық азаматты құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырды.