Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласын атып кетті
Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласын атып кетті
Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оның бүлікшілер қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тараған болатын. Бүгін университет басшысының баспасөз қызметі ол ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Иә, қайтыс болғаны рас. Біраздан кейін істің мән-жайына қатысты толық ақпарат таратамыз», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілі.
Кейін редакциямызға арнайы хабарласқан олар болған оқиға жөнінде нақты ақпарат ұсынды.
«06.01.2022 ж. Алматыда комменданттық сағат басталмас бұрын кешкі сағат 18.35 минут шамасында Елнар Н.Назарбаев көшесімен жоғары көтеріліп, үйіне қайтып келе жатқан. Қ.Сәтпаев көшесіне жетпей, қиылыста тоқтап тұрған сәтінде күтпеген жерден көлігіне белгісіз адамдар бірнеше рет оқ атқан. Ол алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі сәтте құзырлы органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізуде» деп жазылған бізге жеткен хабарламада.