Зиялы қауым өкілдері халыққа үндеу жасады

Зиялы қауым өкілдері халыққа үндеу жасады

Зиялы қауым өкілдері халыққа үндеу жасады
ашық дереккөзі
Қазақстан Жазушылар одағы бастама көтеріп, елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты қазақ еліне үндеу жасады. Үндеуге әдебиет, өнер, ғылым саласының өкілдері қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz. ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ҮНДЕУ Қадірлі бауырлар! Біз - әдебиет және өнер қайраткерлері, елдегі жағдайға үлкен алаңдаушылық білдіріп, келесіні мәлімдейміз. Елімізде қалыптасып отырған қоғамдық-саяси жағдай өте күрделі. Іштен шыққан жау мен сырттан соққан жаудың қитұрқы әрекеттерінің нәтижесінде, ел іші бүлініп, қалаларымыз қирап, стратегиялық нысандарымыз отқа оранып, бейбіт тұрғындарымыз зардап шегіп жатыр. Ірі сауда орталықтары тоналып, банктер мен қоғамдық орындар талқандалып, жарамсыз боп қалды. Сұлу Алматымыз әлі күнге дейін қара түтінге тұншығып тұр. Тұрғындарымыздың көзінде үрей, жүрегінде алаң орнап алды. Сырттан мұздай қаруланған экстремисттік топтар ел ішін ала тайдай бүлдіріп, тыныш өмірімізге ойран салды. Мұндай сұмдық оқиғаларды Қазақстан бұрын-соңды көрген емес. Өздерінің пасық мүдделері үшін халық пен қалаларды құрбандыққа шала салуға да барын салатын зымиян адамдардың мұндай өрескел әрекеттерін зиялы, көзі ашық азаматтар көріп отыр және қатаң айыптауда. Сондықтан, осындай алағай да бұлағай шақта, еліміз үшін тарихи сын сағатта біз заңды түрде сайланған, барлық құзыретті қолына алған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қасына топтасып, бірлесе қимылдап, елдегі жағдайды тұрақтандыруға тиіспіз. Және күллі Алаш жұртын бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір болуға шақырамыз! Қолымыздағы ең қасиетті, ең киелі деп саналатын ардақты Тәуелсіздігімізді сақтап қалайық! Ел аман болсын! Құрметпен,
  1. Асанәлі Әшімов;
  2. Сәбит Оразбаев;
  3. Сейіт Қасқабасов;
  4. Нұрғали Нүсіпжанов;
  5. Дулат Исабеков;
  6. Кәдірбек Сегізбаев;
  7. Бексұлтан Нұржекеев;
  8. Темірхан Медетбек;
  9. Жабал Ерғалиев;
  10. Молдахмет Қаназов;
  11. Алтынбек Қоразбаев;
  12. Досхан Жолжақсынов;
  13. Ұлықбек Есдәулет;
  14. Талғат Теменов;
  15. Секен Тұрысбеков;
  16. Несіпбек Айтұлы;
  17. Жүрсін Ерман;
  18. Роза Рымбаева;
  19. Мереке Құлкенов;
  20. Құлбек Ергөбек;
  21. Кенжехан Матыжанов;
  22. Анар Фазылжан;
  23. Бауыржан Жақып;
  24. Дүкен Мәсімхан;
  25. Бекжан Тұрыс;
  26. Маралтай Райымбекұлы;
  27. Дәурен Қуат;
  28. Сәкен Сыбанбай;
  29. Бақыт Беделхан;
  30. Мейрамбек Бесбаев;
  31. Дәулеткерей Кәпұлы;
  32. Ерғали Әбдірайым;
  33. Ақберен Елгезек.