«Мемлекеттік тұтастығымызды сақтау аса маңызды» – Е. Қарин

«Мемлекеттік тұтастығымызды сақтау аса маңызды» – Е. Қарин

«Мемлекеттік тұтастығымызды сақтау аса маңызды» – Е. Қарин
ашық дереккөзі
«Хабар 24» телеарнасына сұхбат берген мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қазақстандықтарды қырағы болуға шақырды, деп жазды turkystan.kz. Оның пікірінше, елге гибридті террористік шабуыл жасалған. Яғни бір топ адам бір уақытта республиканың бірнеше қаласында түрлі нысандарға тұтқиылдан тап берді.
«Мұндай іс-қимылдарды үйлестіру үшін ықпалды ішкі және сыртқы деструктивті күштердің сөз байласқаны анық. Мұны «тәртіпсіздік» деуге келмейді. Мен 20 жыл бойы терроризм мәселесімен айналысып келемін. Бірнеше кітаптың авторымын, бірақ қанша зерттеу жүргізсем де, топтың қалаларға бір мезетте шабуыл жасай алатындығы, оның ішінде мақсатты түрде мемлекеттік маңызы бар нысандарға шабуыл жасап, қиратқаны есімде жоқ. Бұл, шын мәнінде, жаңа құбылыс. Ол арнайы қызметтер мен сарапшылар үшін сынақ болып табылады. Біз кез келген мемлекетке осындай сценарий қолданылуы мүмкін екенін түсінуіміз керек», – деді Ерлан Қарин.
Мемлекеттік хатшының пікірінше, террорлық шабуылдардың басты мақсаты – елді тұрақсыздандырып, мемлекеттік төңкеріс жасау арқылы билікті басып алу болған.
«Тыңғылықты ұйымдастырылып, топтардың нақты әрекет етуіне қарап, әр оқиға жоспардың бір бөлігі деп айтуға болады. Әр қалада бүлікті ұйымдастыру қандай дайындықты талап ететінін елсетете аласыздар ма? Тіпті, жекелеген өңірлерде мемлекеттік мекемелер мен органдарды басып алудың алгортимі мен қару-жарақты тартып алу акцияларының, жолдарды жауып, инфрақұрылымдық нысандарға бөгет қойып, байланыс құралдары арқылы шабуыл жасалуының міндеті бір. Мұндай шабуылды аяқастынан ұйымдастырып, бұйрық беру мүмкін емес. Бұл – тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекет», – деді Ерлан Қарин.