Жаңалықтар

Депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көтеріледі

ашық дереккөзі

Депозиттер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көтеріледі

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады, деп жазды turkystan.kz. 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылады.