Жаңалықтар

ҰҚК департаментінен ешқандай қару-жарақ ұрланбапты

ашық дереккөзі

ҰҚК департаментінен ешқандай қару-жарақ ұрланбапты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті алматылық департаменттен қару мен оқ-дәрілер ұрланды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазды turkystan.kz. «Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде тарап жатқан Алматы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінен қару, оқ-дәрі және басқа да мүлік ұрланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген ҰҚК хабарламасында. Еске сала кетсек, Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық топтар бірнеше қару дүкенін тонап кеткен болатын. Сол кезде ҰҚК департаментінің қоймасы да талқандалғаны туралы хабар тараған-ды.