Бүгін ҰҚШҰ-ның онлайн отырысы өтеді

Бүгін ҰҚШҰ-ның онлайн отырысы өтеді

Бүгін ҰҚШҰ-ның онлайн отырысы өтеді
ашық дереккөзі
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының онлайн форматтағы сессиясы өтеді, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Кезекті отырыста Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы ахуалды баяндайтын болады. Берік Уәлидің айтуынша, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының миссиясы - еліміздегі стратегиялық маңызды нысандарды күзету. Бітімгерлердің елімізге келуі, Қазақстанның күштік құрылымдарына Алматы қаласы мен облысындағы лаңкестермен белсене күресіп, арнайы операцияны сәтті атқаруға септігін тигізді.