«Ел экономикасына үлкен нұқсан келтірілді» – А.Қырықбай

«Ел экономикасына үлкен нұқсан келтірілді» – А.Қырықбай

«Ел экономикасына үлкен нұқсан келтірілді» – А.Қырықбай
ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Арман Қырықбай Qazaqstan телеарнасындағы «Террорға тойтарыс» бағдарламасына берген сұхбатында елдегі болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп жазды turkystan.kz. – Президентіміз бейбіт шерулер өткізу бойынша арнайы заң қабылдады. Бірақ, бұл заңды дұрыс түсінбей, бейбіт шеру деген жүгенсіздік деп түсініп қалғандар бар сияқты. – Иә, мен бұл сөзіңізге толық қосыламын. Ондайлар, әрине, бар. Енді қазір елде мынадай заман болып жатқан кезде әртүрлі ой айтуға болады. Бірақ, біз осы болып жатқан жағдайдан міндетті түрде сабақ алып, шерулер бойынша басқа да осы бағыттағы заңнамаларға реттеу енгізуіміз керек. Кез-келген азамат бейбіт шеруге шығатын болса, өз құқығын білуі қажет. – Елдегі осы оқиғадан кейін қандай реформалар ұсынылуы тиіс? – Менің ойымша, әлеуметтік бағытқа басымдылық беріледі. Осы 5 күнге созылған жағдайдың өзі ел экономикасына, бюджетке үлкен нұқсан келтірді. Сондықтан әлеуметтің әлжуаз топтарын қолдау бойынша Президент тарапынан көптеген ұсыныстар болуы керек. Бұл - менің азамат ретіндегі пікірім.