Шымкентте ұсталған күдіктілердің саны белгілі болды

Шымкентте ұсталған күдіктілердің саны белгілі болды

Шымкентте ұсталған күдіктілердің саны белгілі болды
ашық дереккөзі
Шаһарда жаппай тәртіпсіздік жасады деген күдікпен 400-ден астам адам ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Олардың 155-іне қатысты әкімшілік, 50-іне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Тәртіпсіздікке қатысқандардың 40-50 пайызы шымкенттіктер болса, қалғаны Қазақстанның басқа өңірлерінен келгені анықталды.
«Бейбіт шеру ретінде басталып, тәртіпсіздікке ұласқан наразылық акциясы кезінде 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алған. Төрт адамның жағдайы ауыр, қаза болғандар тіркелген жоқ. Сонымен қатар, 57 полиция автокөлігі толық жанып кетті. Бүгінде мәдени нысандар мен шағын бизнеске келтірілген шығын көлемі нақтылануда. Алдағы 10 күнде бұл ақпаратты Үкіметте құрылған арнайы комиссияға ұсынамыз», - деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.