Жаңалықтар

Саясаттанушы Елбасының елордада болуына қатысты хабарламаға пікір білдірді

ашық дереккөзі

Саясаттанушы Елбасының елордада болуына қатысты хабарламаға пікір білдірді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елордада болуына қатысты хабарламаға пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. «Назарбаев елордада екені туралы, оның билікке оралуына қатысты да мәлімдемені кейбір адамдар біржақты қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев өз лауазымдарын (Қазақстан халқы Ассамблеясын, Қауіпсіздік кеңесі, «Nur Otan») Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергені белгілі. Елбасы елордада екені туралы хабарлама, оның елден қашып кетпегенін және өз халқымен бірге екенін білдіреді. Тұңғыш Президенттің қызметін бірыңғай негативті қабылдау керек деп санамаймын. Ол өзге де басшылар сияқты қателіктерге жол берді. Бірақ, нақ оның еңбегімен елдің тәуелсіздігі, оның халықаралық мойындалуы, экономикалық және саяси реформалар қамтамасыз етілді, ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылық пен келісім қамтамасыз етілді», - деді саясаттанушы. Сондай-ақ ол елде бүлік шығарған содырлар туралы айтып өтті. «Содырлардың Қазақстанға шабуылы бейбітшілік пен келісімге, Қазақстан халқына, Назарбаев жүргізіп келген саясатқа қарсы бағытталғанын түсіну керек. Тарихымыздың бұл ауыр кезеңінде Президент Тоқаевтың еліміздің бейбіт болашағы мен тұрақты дамуы үшін терроризммен және экстремизммен күрес бойынша күш-жігері айналасында ынтымақтасу маңызды», - деді Данияр Әшімбаев.