Еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері қаза тапты

Еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері қаза тапты

Еліміздегі тәртіпсіздіктер кезінде 16 полиция қызметкері қаза тапты
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мәжбүрлі шектеулерге шыдамдылық танытуды сұраймын. Әсіресе терроризмге қарсы операциялар жүргізілетін жерлерде сабырлы болып, сақтық шараларын сақтауға шақырамын. Арандатушылыққа бой алдырмау және барлық күдікті фактілер мен адамдар туралы полицияға хабарлау арқылы сіз құқық қорғау органдарына елде тәртіп орнатуға үлкен көмек көрсетесіз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, қылмыскерлер іздестіріліп, ұстау үшін барлық шаралар қолданылады және олар Қазақстан халқына қарсы қылмыстары үшін лайықты жазаға тартылатын болады.
«Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ресми көздеріне ғана сену қажет. Төтенше жағдай кезінде осындай әрекеттер үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-тармағына сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Полиция әрбір осындай фактіге түбегейлі жауап береді. Өкінішке қарай, бұл күндері қоғамдық тәртіпті сақтау және елдің конституциялық құрылысын қорғау кезінде 16 полиция қызметкері қылмыскерлердің қолынан қаза тауып, 1300-ден астам сақшы мен Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігінің, сондай-ақ, арнайы органдардың әскери қызметшілері жарақат алды. Қаза тапқандар ақырына дейін антқа адал болып, Отанға жанқиярлық қызмет көрсетті», - деген Ерлан Тұрғымбаев, құрбан болған қызметкерлер мен бейбіт тұрғындардың отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.