«Қиындықты бірлік жеңеді» – Түркиядағы қандастар

«Қиындықты бірлік жеңеді» – Түркиядағы қандастар

«Қиындықты бірлік жеңеді» – Түркиядағы қандастар
ашық дереккөзі
Түркиядағы қандастарымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап, елді бірлікке шақырды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстандағы жағдайға алаңдаған шеттегі ағайын елдің бұл сынақтан абыроймен өтеріне сенеді. Ыстамбұлдағы Абай саябағында бас қосқан қандастарымыз, отандастарымыз бен жергілікті тұрғындардың айтуынша, ел басына түскен ауыртпалықты тек бірлік қана жеңеді.
«Біз Түркиядағы қазақтар, Қазақстан Президенті мен мемлекетін қолдаймыз! Қазақ халқының осы күнге дейін көрмегені жоқ. Көп қиыншылықтар көрдік. Желтоқсанды көрдік. Қазақстан Үкіметінің бейбітшілікпен осы проблемаларды шешетініне сенеміз. Қазақстанды қолдаймыз, қолымыздан келген бүкіл көмекті жасаймыз», - деді қазақ түріктері білім қауымдастығы басшысы Ертолқын Гайретулла. «Халықтың талабын қолдаймын. Алайда лаңкестік, мемлекетке қауіп төндіру, азаматтарға қастандық жасалған жағдайда биліктің қатаң шара қолданғаны дұрыс. Осы тұрғыдан, Қазақстанда демократия жоғары деп есептеймін. Себебі елде жағдай өршігенге дейін әскер тосқауыл болған жоқ. Дегенмен ахуал нашарлаған уақытта шара қолданды. Мемлекет – мемлекеттікке қарсы әрекеттерді қорғауға тиіс», - дейді үкіметтік емес ұйым басшысы Сердар Шахин.