Жаңалықтар

«Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста» – Айдос Үкібай

ашық дереккөзі

«Елбасы елордада және Президентпен тікелей байланыста» – Айдос Үкібай

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттерде жазды, деп хабарлады turkystan.kz. «Елбасы Қазақстан астанасында, Нұр-Сұлтан қаласында. Қасақана жалған және екіұшты ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірнеше консультативті кездесулер өткізіп жатыр және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста», - дейді Айдос Үкібай. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанмен дос мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлескен. «Елбасы қазіргі сын-қатерлерді еңсеріп, еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін барлығын Қазақстан Президенті маңына жұмылуға шақырады», - дейді Айдос Үкібай.