«Барлық отандастарды ел Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырамын» - Салжанов

«Барлық отандастарды ел Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырамын» - Салжанов

«Барлық отандастарды ел Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырамын» - Салжанов
ашық дереккөзі
Белгілі кәсіпкер, меценат Исламбек Салжанов өзінің Facebook-тегі парақшасында халықты қазіргі күрделі жағдайға байланысты ауызбіршілікте болып, Президенттің маңайына топтасуға шақырды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Құрметі достар! Еліміз үшін бұл қаралы күндерде мен, азамат және патриот ретінде, барша қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, провокацияларға шалдықпай, заң және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырамын. Барлық отандастарды бірлесіп, ел егемендігі және Тәуелсіздігін бірге қорғауға шақырамын. Отан алдында қызметтік борышын орындау кезінде террористер қолынан жақындары мен туыстарының өмірлері қиылған барлық отбасыларға көңіл айтамын. Еліміз үшін бұл күрделі кезеңде Президент, Жоғарғы бас қолбасшы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзіне толық жауапкершілікті алып, іште және сыртта дайындалған деструктивті күштер тарапынан террористік агрессияны тоқтатты. Барлығымыз білетіндей, бүгін елдің барлық өңірлеріндегі жағдай Президенттің жеке бақылауында. Біз, Қазақстан азаматтары ретінде Мемлекет басшысының айналасына бірігіп, тез арада тәртіптің қалпына келуі мен бейбіт өмірге оралуды қолдауымыз керек. Қазақстанның барлық кәсіпкерлерін вандалдар қиратқан әкімшілік және әлеуметтік ғимараттарды тез арада қалпына келтіруге көмектесуге шақырамын. Осы қаралы күндер артта қалып, Қазақстанда әділдік және әрбір азаматтың әл-ауқаты басты мақсат болатын, гүлденудің жаңа кезеңі басталуына кәміл сенемін», - деді ол өз үндеуінде.