Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол нысандарына залал келген жоқ

Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол нысандарына залал келген жоқ

Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол нысандарына залал келген жоқ
ашық дереккөзі
Бұған дейін хабарланғандай, еліміздегі жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі. Қазір теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалына сұраныс күрт артты. Осылайша, жолаушылар пойыздарының толуы 90 пайыздан асты. Сондықтан «ҚТЖ» ҰК» АҚ қосымша пойыздар шығара бастады. 7 қаңтарда «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол билеттерін bilet.railways.kz және kaspi.kz қосымшасы арқылы интернетсіз алу мүмкіндігін ұсынды. Бұл вокзалдардағы билет кассаларының алдында ұзын-сонар кезектің болмауына оң ықпал етті. Сонымен қатар жоғарда аталған сайт пен қосымша арқылы билеттердің бар-жоғы туралы ақпарат алуға болады. 15 мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандары бүлінбей, толықтай сақталып қалғанын атап өту қажет. Стратегиялық маңызды нысандарға залал келтірілмеген. Тәртіпсіздіктер кезінде компанияның су, жылу, электр және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелері мен вокзал шаруашылығы жұмыс істеп жатыр.